Басты бетМекеме туралы

Мекеме туралы

"Оқ-Жетпес" ЕСК" АҚ филиалының директоры -
Бугубаева Гүлжанат Аманжолқызы

Құрметтi ханымдармен мырзалар!
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені" акционерлік қоғамының "Алматы" филиалы сіздерді асыға күтеді! Біздің заманауи көпсалалы санаторлық-курорттық кешен сіздерді сауықтырудан өтіп қана қоймай, жан мен тәніңізбен демалуға шақырады!
 

 

 

 

Миссиясы:

Медициналық қызметтерді үнемі дамыту және жетілдіру арқылы демалушылардың денсаулығын жақсартуға деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыру.

Бірегей табиғи емдік факторлар мен заманауи медициналық технологияларды тиімді пайдалануға негізделген санаторлық-курорттық және оңалту қызметтерін ұсыну арқылы демалушылардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Біздің артықшылығымыз:

  • Меншікті минералды су ұңғымасы;
  • Криосауна сияқты ерекше медициналық ем-шаралар;
  • Спорттық-сауықтыру кешені;
  • Озық медициналық жабдықтар;
  • Күніне 4 мезгіл тамақтану;
  • Жайлы бөлмелер;
  • 5 жұлдызды шипажай;
  • Заманауи медициналық бөлім.

 

 Мақсаттары:

  • Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес демалушыларға сервистік қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне қол жеткізу.

 

 Міндеттері:

  • Ұсынылатын медициналық қызметтерді келушілердің қажеттіліктеріне сәйкес келтіре отырып, елдің ағымдағы санаторлық-сауықтыру нарығына бағдарлау;
  • Шипажайдың жыл бойы тұрақты, тиімді жұмыс істеуі;
  • Материалдық-техникалық базаны дамыту;
  • Есепті кезеңдердегі жұмыс қорытындылары бойынша оң қаржылық нәтиже алу;
  • Үздіксіз білім берудің корпоративтік жүйесін дамыту, корпоративтік оқыту жүйесін жетілдіру негізінде қызметкерлердің кәсібилігін арттыру.
  • Білікті кадр құрамымен қамтамасыз ету.
  • Қызметкерлердің санаттау деңгейін арттыру.
  • Жүктеуді, оның ішінде маусымаралық кезеңді ұлғайту
  • Икемді баға жүйесін қолдану
  • Жұмыскерлерді әлеуметтік қолдауды жақсарту

 

Даму болашағы:

Ұсынылатын медициналық қызметтерді келушілердің қажеттіліктеріне сәйкес келтіре отырып, елдің ағымдағы санаторлық-сауықтыру нарығына бағдарлау;

Жоғары жайлылық жағдайларын жасау арқылы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес демалушыларға сервистік қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне қол жеткізу;

Емдеу-сауықтыру кешенінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұрақты кадрлық әлеуетті құру;

Нарық конъюнктурасының өзгеруі жағдайында кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ЕСК-нің жоғары қаржылық тұрақтылығын құру.

Қабылдау кестесі:

Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.