Басты бетЖалпы мағлұмат

Жалпы мағлұмат

«Оқжетпес» ЕСК» АҚ «Алматы» филиалы заманауи көп функционалды санаторлық-курорттық кешен болып табылады, мұнда Сіз жоғары сапалы медициналық қызметтер ғана алып қоймай, сондай-ақ еуропалық стандарттар бойынша жасалған жайлы нөмірлерде тамаша демала аласыз.

Жеке емдеу сипаты – біздің медициналық және санаторлық-курорттық қызметтеріміздің басты ерекшелігі. Біз әрбір науқастың жеке талаптары мен медициналық көрсетілімдерін толық ескеретін тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламаларын ұсынамыз.

Біздің санаторий әлемдік стандарттағы ең заманауи медициналық құрал-жабдықпен жабдықталған. Курорт Алматы қаласынан 3 км қашықтықта, Іле Алатауының етегінде, теңіз деңгейінен 1052 м биіктікте орналасқан. Серуендеу терренкурлары мен сан алуан ағаш өсетін таңғажайып орман алабы бар аумақ тыныс алу жолдарын жақсартуға ықпал етеді. 3000 м тереңдікте меншік бұлақ көзінен өндірілетін минералды судың ерекшелігі құрамында 600-750 мкг/дм3 табиғи йодтың профилактикалық мөлшері болуы. Осы деңгейде су 42оС температурамен шығады. Су арнайы су қоймасында сақталып, ванна арқылы емшара жасайтын бөлімшелерге 36оС-пен беріледі.

Қалай сапалы және тамаша демалуға болатынын, сонымен бірге емдеу, тұру бағалары мен ережелері туралы барлық қажетті ақпаратты біздің сайтымызда және әлеуметтік желілерде таба аласыз. Барлық келіп түскен сұрақтарға «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ «Алматы» филиалының жетекші мамандары жауап береді.