Басты бетЖалпы мағлұмат

Жалпы мағлұмат

«Қазақстан» санаторийі – азаматтардың санаторийлік-курорттық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ауқымды мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жоғары тиімді курорттық кешен. Сауықтыру орны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының жүйесіне кіреді және Кавказ Минералды Сулары тобына кіретін Ресейдің ең танымал бальнеологиялық және балшық курорты – Ессентуки қаласы саябағының аумағында орналасқан.

«Қазақстан» санаторийі 7,5 гектар жер аумағында орналасқан. Емдеу мен жатын корпустарының айналасында субұрқақтары бар саябақтар, күркелер мен терренкур жолдары салынған.

Санаторий номерлері мен холлдарының үйлесімді интерьерлері, абаттандырылған аумағы, курорттық қаланың тыныштығы емделу мен демалу үшін қажетті жағдайларды туғызады.

Санаторийде диагностика, профилактика, консультациялық көмек және кешенді санаторийлік-курорттық емдеу жүргізіледі. Қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық аппаратура қажетті зерттеулерді сапалы және уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Санаторийлік-курорттық емдеу аяқталғаннан кейін дәрігерлер-мамандар демалушыларға үйге ұсыныстарын береді. Медициналық көмектің сапасын басқару үнемі санаторий әкімшілігінің бақылауында.

Санаторийде «Ас мәзірі-тапсырыс» жүйесі бойынша 3 мезгіл диеталық тамақтану. Демалушылардың талғамдары ескеріліп, ұсынылатын 7 күндік ас мәзірінен тағамдарды таңдау мімкіндігі бар.

Белсенді демалуға әдеттенгендер үшін жаттығу құрылғылары бар спорт залы, волейбол, баскетбол, гандбол, бадминтон, мини-футбол ойындарына арналған жазғы спорт алаңдары, теннис алаңы, сондай-ақ киіз үй стилінде салынған дөңгелек пішінді жеке тұрған ғимаратта әсем жабық бассейн жұмыс істейді.