2023 жылғы 5 сәуірде Еуропалық иммундау апталығына арналған «The BIG CATCH UP – Жалпы иммундау науқаны» халықаралық форумы өтті. Форумды ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдастырды.
Форумға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ балалар қоры, Қазақстан Республикасындағы Ауруларды бақылау және алдын алудың америкалық орталықтарының өкілдері, отандық және шетелдік жетекші ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Форум барысында талқылынған негізгі мәселелердің бірі халықтың иммундық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясат, ұлттық екпе күнтізбесін кеңейту, халықаралық ұйымдардың иммундауды дамытуға қосқан үлестері болды.
«Қазақстан 10 жылдан астам уақыт бойы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасын қолдап, маңызды профилактикалық іс-шара ретінде вакциналауға бейілділігін білдірді. Елде барлық жастағы адамдар үшін вакциналауға жан-жақты қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі белсенді жұмыс жүргізілуде, бұл медициналық профилактикада басымдық береді. Бұдан басқа, алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісін дамыту, денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру, медициналық персоналды даярлаудың кеңейтілген бағдарламаларын жүзеге асыру, ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіру басымдылықтар болып табылады», - деп атап өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой.
Вакциналау - денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдістерінің бірі және әр адамның ажырамас құқығы, сондай-ақ денсаулық сақтаудың жаһандық қауіпсіздігіне кепілдік беруде шешуші рөл атқарады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2023 жылды вакциналаумен ауқымды қамтуға қол жеткізу жылы деп жариялады.
Сондай-ақ, өтіп жатқан форумға еліміздің және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәджікстан мемлекеттерінің қатысушылары онлайн түрде қатысты. Барлығы 4700-ден астам қатысушы тіркелді.