Аянның шипажайға алғашқы қадамы 2014 жылы күзетші қызметінен басталды, содан кейін швейцары, жүзу нұсқаушысы, брондау менеджері, бас менеджері болып жұмыс істеді. Бұл шипажайда оның атасы Әбілхақым Ақмағамбетұлы (1998 – 2008 жж.) директор болып жұмыс істеген. Аян атасының жолын қуып, отбасылық дәстүрді жалғастыруда.
Шипажайда жұмыс істеген уақыт аралығында ҚР Мәжілісі депутаттарының, ҚР Президенті Іс басқармасының, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшыларының алғыс хаттарымен марапатталды. Ал емдеу-сауықтыру кешенінің қонақтары шипажайдың ұжымының қызмет көрсету сапасының деңгейіне оң бағаларын беруде. Аян ұжымын басқарып қана қоймай, әріптестерінен үйрене білу керектігін атап кетті. Өзін құрметтейтін, бағалайтын ұжымына алғысы шексіз.
«Жеке құндылықтарымның бірі – адамға көмектесу. Әріптестеріме ризашылығымды білдіремін, олар осы уақытқа дейін үлкен тәжірибе алуға қызметтің қыр-сырын меңгеруге көмектесті. Бала кезімде мен атамды мақтан тұтатынмын және оның биіктеріне жеткім келді. Ал қазір «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру кешенін еліміздің ғана емес, шетелдің азаматтарына таныту», - дейді Аян Ақмұрзин.