Басты бетАҢДАТПА! ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

АҢДАТПА! ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

АҢДАТПА! ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ АҢДАТПА! ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

ҚР ПІБ Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» түріндегі іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. 2023 жылғы 18-21 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысына іссапар жоспарланып отыр. Осыған дейін Медицина орталығының делегациясы Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Шымкент қаласында болып қайтты. Сапардың басты мақсаты - ауруларды алдын алуда диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу және заманауи әдістерімен бөлісу, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Делегацияның құрамында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, оның ішінде нейрохирургтар, аритмолог, пульманолог, оториноларинголог, кардиолог және басқа мамандар. Олар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтар, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, №4 қалалық ауруханасы, Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы, Көпсалалы онкология және хирургия орталығы, Ана мен бала орталығы базасында жасайды. Медициналық орталығының басқа қарасты ұйымдары – Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері де өз бағыттарына қатысты оқыту шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар, Санитарлық-эпидеомологиялық сараптама орталығының өкілдері азық-түлік және денсаулық сақтау объектілерінің қызметкерлеріне тренингтер өткізетін болады.

Сондай-ақ, сапар барысында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюы жоспарланып отыр.

Медициналық орталықтың бұл бастамасы өңірдегі дәрігерлерді оқытып, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы форматтағы іс-шаралар биыл еліміздің басқа да өңірлерінде өз жалғасын табады.

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 7172 74 97 00, +7 708 888 88 06