Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында Медициналық орталығының жоғары білікті дәрігерлері Шығыс Қазақстан облысындағы іссапардың алғашқы күнінің қорытындысымен бөлісті.

Делегация құрамына ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының, Орталық клиникалық ауруханасының үздік мамандары (нейрохирургтер, кардиохирургтер, аритмологтер және басқалары), Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері бар.

Іссапардың алғашқы күні дәрігерлер Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы мен Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына барып, 100 шақты консультациялық кеңес берді. Оның ішінде эндокринолог – 21, нейрохирург – 21, кардиолог – 36, оториноларинголог – 20. Сондай-ақ Медициналық орталығының үздік нейрохирургтері Мыңжылқы Бердіходжаев пен Марат Саршаев және кардиологі Асқар Жүнісов 10 күрделі операция жасады.