ҚР ПІБ Медицина орталығының қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» іс-шарасының екі күн ішінде кардиология, нейрохирургия, ревматология және пульмонология саласында тегін кеңес берді. Сондай-ақ, 18 күрделі операция, аймақ дәрігерлері мен бизнес өкілдеріне арналған презентациялар мен шеберлік сабақтарын өткізді. Мұның бәрі Қазақстандағы медицинаның сапасын арттыруға және өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы халыққа жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға көмектеседі.