Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Шығыс Қазақстан облысының ауруханаларына барды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Шығыс Қазақстан облысының ауруханаларына барды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Шығыс Қазақстан облысының ауруханаларына барды ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Шығыс Қазақстан облысының ауруханаларына барды ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Шығыс Қазақстан облысының ауруханаларына барды ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Шығыс Қазақстан облысының ауруханаларына барды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы бастаған делегация Шығыс Қазақстан облысына іссапармен барды. Делегацияның сапары Өскемен қаласындағы Көпбейінді онкология және хирургия орталығының жұмысымен, КТ кабинетімен және ахуалдық орталықты аралаудан басталды. Сондай-ақ Медорталық өкілдері Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталық дәрігерлерімен және операция жасалған пациенттермен жеке жүздесіп, инновациялық медицина бөлімшесін аралады.

Медициналық орталық мамандары Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына барып, онда кардиохирургия, қантамырлық хирургия, гинекология мен қабылдау бөлімшелерінің жұмысымен танысты.

18 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен оған қарасты ұйымдардың 34 жетекші маманы халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі технологиялық операциялар жасап, аймақтың дәрігерлеріне және бизнес өкілдеріне шеберлік сабақтарын, тренингтер өткізуде.

«ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» жобасы отандық медициналық туризмді дамыту, еліміздің өңірлерінде денсаулық сақтау саласының жаңа медициналық технологияларын енгізу, сонымен қатар тұрғындарға медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіледі.