Басты бетӨзара ынтымақтастық туралы Меморандум

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум

Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапановпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жасалған келісімнің басты мақсаты – қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторий-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға, қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ортақ келісім өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне жаңа технологияларды оқыту, ауруларды алдын алу, диагностикалау, инновациялық технологияларды дамыту саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Медициналық орталықтың бұл бастамасы мен Меморандум алдағы уақытта өңірдегі медицина саласының дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

Өз кезегінде, Медициналық орталықтың басшысы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ғасырға жуық – 90 жылдан астам уақыт еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің ірі мекемесіне айналғанын айтты.

«Біз білім берумен, ғылыми зерттеулермен, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізумен, сондай-ақ республиканың денсаулық сақтау саласына инновациялық әдістерді іздеумен және енгізумен айналысамыз. Соңғы үш жылдың ішінде 150-ден аса жаңа технология Қазақстан медицинасында қолданылды. Медициналық орталықтың ұйымдары түрлі облыстардың азаматтарына медициналық көмек, емдеу-сауықтыру және оңалту қызметтерін көрсетті. Біз бұдан әрі өңір тұрғындарына практикалық медициналық көмек көрсету ісін арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді өз сөзінде ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы.

Медициналық орталықтың 34 жетекші маманы (нейрохирург, кардиохирург, аритмолог, пульмонологтер және т.б.) «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті.