Басқаларға сабақ бере алатын нағыз жаттықтырушы болу үшін өз тақырыбыңды түсіну және пәнді жақсы білу жеткіліксіз. Сізге бағдарламаны сауатты құрастыру, аудиторияның назарын аудара білу, тыңдаушылардың сұрақтары мен сенімсіздіктеріне қалай дұрыс жауап беру, сондай-ақ басқа да көптеген мәліметтерді білуіңіз керек. Осының барлығын ҚР ПІБ Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінің 33 қызметкері игеруде. Бастама өткен жылдың қазан айында тұсауын кескен. Ішкі лекторлар «Жаттықтырушыларға арналған тренинг» тақырыбындағы алғашқы оқытудан өтті. Оны белгілі жаттықтырушы, PR-маман және коммуникациялар бойынша сарапшы Ақерке Берлібай жүргізді.
Қатысушылар жаттықтырушының рөлдері мен функцияларын, өзін-өзі таныстыру құралдарын, жаттықтырушылық қызметтегі проблемалық аймақтарды, аудиторияға әсер етудің ауызша және вербалды емес тәсілдерін, дауысты қолданудың техникалық әдістерін және басқаларын зерттеді. Алдағы іс-шаралар тыңдаушыларға өздерінің тренингтерінің әдіснамасы мен жоспарларын дұрыс құрастыру құралдарымен танысуға мүмкіндік береді. Бастама білім мен құзыреттілікті кәсіби деңгейде тарата алатын мамандарды барынша даярлау мақсатында іске асырылуда.