Медициналық орталықтың жоғары білікті дәрігерлері Атырау облысындағы кезекті іссапардың алғашқы күнін қорытындылады. Делегация құрамында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы мен Орталық клиникалық ауруханасының үздік мамандары (нейрохирург, пульмонолог, аллерголог және басқалары), Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, «Қарлығаш» балабақшасы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері бар.
Іссапардың алғашқы күні дәрігерлер Атырау облысының ауруханаларында 142 консультация берді. Оның ішінде нейрохирург – 96, аллерголог – 18, пульмонолог – 22, травматолог – 6. Сондай-ақ Медициналық орталықтың үздік нейрохирургтері Мыңжылқы Бердіхожаев, Марат Саршаев және гинеколог Талғат Капаков 16 күрделі операция жасады.
«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» жобасы өңірлермен тәжірибе алмасу және медициналық ынтымақтастықты нығайтуға қолайлы алаң құруға мүмкіндік береді.