Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында ядролық медицина бойынша ғылыми-практикалық конферен...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында ядролық медицина бойынша ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында ядролық медицина бойынша ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында ядролық медицина бойынша ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында ядролық медицина бойынша ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында ядролық медицина бойынша ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады

Бүгін, 24 мамырда ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қазіргі заманғы ядролық медицина: диагностикадан тераностикаға дейін» атты ғылыми-практикалық конференцияның ресми бөлігі өтті. Елімізде бұндай іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Конференцияға Қазақстан мен ТМД елдерінің ядролық медицина саласындағы жетекші мамандары мен ғалымдары қатысты.

Конференцияның ресми ашылу рәсіміне ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник және ҚР ПІБ МОА директоры Рустам Албаев қатысты. Медициналық орталықтың басшысы өз сөзінде озық технологиялар мен халықаралық стандарттарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының әрбір азаматына қолжетімді, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл мемлекет айқындаған ұзақ мерзімді мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі.

Сондай-ақ, Медициналық орталықтың басшысы әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ядролық медицина әдістерін қолданудың арқасында онкологиялық және басқа да аурулардан болатын өлім-жітімнің айтарлықтай төмендегенін атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар кордилогиялық, урологиялық және эндокриндік ауруларды ерте диагностикалау үшін зерттеудің қазіргі заманға сай әдістерін енгізуді талқылады.

23 мамырда ядролық медицина, сәулелік диагностика дәрігерлері, кардиолог, онколог және кардиохирург мамандары үшін жүрек инфекциялары мен ісіктерін ядролық диагностикалаудың жаңа әдістерін қолдану, сондай-ақ миокардтың өміршеңдігін бағалау туралы шеберлік сыныптары өтті. Сарапшылар химиктерге, физиктерге, радиофармацевттерге арналған шеберлік сабақтарында осы жылы МОА Ядролық медицина орталығында өндіріске шығатын 11С-метионин (көміртек-метионин) радиофармацевтикалық препаратын өндіру және оның сапасын бақылау жөніндегі ақпараттармен бөлісті. Конференция 25 мамыр күні өз жалғасын табады.