Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қ...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Атырау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой және Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жасалған келісім – өңір тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға, қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Бұл ынтымақтастық медициналық көмектің сапасын жақсартудағы және аймақ тұрғындарына қызметтердің қолжетімділігін арттырудың маңызды қадамы. Сондай-ақ, ортақ келісім өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне жаңа технологияларды оқыту, ауруларды алдын алу, диагностикалау, инновациялық технологияларды дамыту саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Медициналық орталық өзінің көпжылдық тарихында денсаулық сақтау жүйесінің көшбасшысына айналғанын атап өтті. Ол білім беру, ғылыми және санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер, сондай-ақ елдің денсаулық сақтау саласына озық әдіс-тәсілдерді іздеу және оларды енгізуге жасалған түрлі жобаларды белсенді түрде іске асырып жатқанын мәлімдеді. Соңғы үш жылдың өзінде ауруханалардың мамандары 150-ден астам жаңа технологияны республиканың медицина тәжірибесіне енгізген алғашқылардың бірі екенін баяндады. Медициналық орталықтың ұйымдары облыстардың азаматтарына түрлі медициналық көмек, емдеу-сауықтыру және оңалту іс-шараларын жүргізді. Алдағы уақытта ҚР ПІБ Медициналық орталығы өңір тұрғындарына практикалық медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Медициналық орталықтың бұл бастамасы мен Меморандум алдағы уақытта өңірдегі медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал ететінін баяндады.

ҚР ПІБ Медициналық орталықтың 35 жетекші маманы (нейрохирург, аллерголог, пульмонолог және т.б.) «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында Атырау облысының тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті.