Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Атырау облысының ауруханаларына барды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Атырау облысының ауруханаларына барды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Атырау облысының ауруханаларына барды ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Атырау облысының ауруханаларына барды ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Атырау облысының ауруханаларына барды ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Атырау облысының ауруханаларына барды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы бастаған делегация Атырау облысына іс-сапармен келді. Медициналық орталықтың өкілдерінің жұмыс сапары Атырау облыстық онкологиялық диспансерін, Атырау облыстық ауруханасын барды. Сапар барысында делегация ауруханалардың бөлімше қызметімен танысып, КТ және МРТ кабинеттерін аралады, сондай-ақ, ауруханалардың дәрігерлері мен операция жасаған пациенттермен жеке жүздесті. ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері медицина саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Пікірталас барысында диагностикалау мен түрлі ауруларды емдеуге қатысты көптеген маңызды тақырыптар талқыланды.

23 мамырдан бері Атырау облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен оған қарасты ұйымдардың 35 жетекші маманы халыққа практикалық және консультативтік-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасады, 26 операция жасалды. Сондай-ақ, аймақтың дәрігерлеріне шеберлік сабақтары мен тренингтері өтті.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясындағы іс-шара отандық медициналық туризмді дамыту, еліміздің өңірлеріндегі денсаулық сақтау саласына жаңа медициналық технологияларды енгізу, тұрғындарға медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіледі.