Басты бетАтырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері өтті»

Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері өтті»

Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері өтті» Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері өтті» Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері өтті» Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері өтті» Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері өтті» Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері өтті» Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері өтті»

23-26 мамыр аралығында Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аяқталды. Іс-сапар қорытындысы бойынша ҚР ПІБ Медициналық орталығының үздік мамандары (нейрохирург, аллерголог, пульмонолог, онколог және т.б.) облыс тұрғындарына 26 операция мен 400-ге жуық консультация өткізді. Сондай-ақ Атырау облысының дәрігерлеріне арнайы ұйымдастырылған 15 презентация және 5 шеберлік сабағына 1000-нан астам тыңдаушылар қатысты.

Медициналық орталықтың дәрігерлері Атырау облысында алғаш рет өткізіліп отырған сирек операцияларды сәтті жасады. Келген мамандардан ауыр диагнозы бар атыраулық тұрғындардың кеңес алуға сұранысы жоғары болды. Медициналық орталықтың қызметкерлері қабылдауға жазылған науқастарды көрсетілген қабылдау уақытынан кейін де қарады.

«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері 7 балабақшаның жұмысымен танысып, облыстың мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің қатысуымен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы Атырау қаласының дәрігерлеріне кездесу өткізіп, өз қызметтері мен мүмкіндіктері туралы таныстырылым жасады.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы халықаралық тәжірибелерді қолдана отырып, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық пен тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы зертханалық зерттеулердің өзекті мәселелері, инфекцияны алдын алу және инфекциялық бақылау бағдарламасын енгізуді қолдау туралы тақырыбында бизнес өкілдері үшін шеберлік сабағын өткізді. Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар, соның ішінде өңірдің медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби деңгейін арттырды.

Сондай-ақ, аталған іс-шара аясында медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдары ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы мен Орталық клиникалық ауруханасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің басшысылары облыс әріптестеріне медициналық ұйымдардың таныстырылымын көрсетіп, қызметтері туралы баяндады. Жиын кезінде Медициналық орталығының көпжылдық тарихында еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің көшбасшысына айналғандығы атап өтілді. 6 мыңнан астам жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін ұйымдарда халықаралық құзыреттілікті растайтын Joint Commission International, ISO, GPP және IIac-mra стандарттары бар.

Сапар аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Атырау облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндерінің» негізгі мақсаты тәжірибе алмасу және әлемдік стандарттарға сай озық технологияларды трансферттеу және медицина мамандарының біліктілігін арттыру.

Осыған дейін ҚР ПІБ Медициналық орталығының мамандары Ақтөбе, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында болып қайтты. Алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлеріне шығу жоспарлануда.