Ағымдағы жылдың бес айында «Almaty Resort» емдеу-сауықтыру орталығы 4200 пациентке медициналық көмек көрсетті. Бұл маңызды жетістік шипажай демалушыларының денсаулығын жақсартудағы рөлін растайды.
Ем алушылардың көбі (800 адам – 41%) аяқ-қолы, буыны қақсап келгендер. Яғни қарттар. Ал қан айналымы нашарлап келген азаматтардың саны 720 (36,8%). Үшінші орында ас қорыту жүйесі бұзылған адамдар (377 – 19,3%).
Бұл адамдарды науқас деуге келмейді. Шипажайға келіп, денсаулықтарын жақсартып, оңалып қайтады.
Оңалу демешкі, ауруханаларда емделіп болған соң, «Almaty Resort» шипажайына жолдама алып, денсаулықтарын қалпына келтіру үшін келгендердің ішінде терапевтік, кардиологиялық, гастроэнтерология және неврологиялық тұрғыда медициналық көмек алғандардың саны 343 қана.
Байланыстар
Брондау бөлімі: 09:00-18:00
+7 778 499 66 42 (Whats App)
Колл-орталығы: 08:00-20:00
+7 (727) 300 34 44