Басты бетОрталық туралы

Орталық туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ білім беру және кеңес беру қызметтерін ұсынатын оқу ұйымы болып табылады.

Біз мемлекеттік қызметкерлерді, квазимемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлерін оқытамыз;
Біз практикалық бизнес тренингтер, семинарлар өткіземіз, кәсіби және жеке дағдыларды дамытамыз;
Біз қызметкерлердің жан-жақты аудитін жүргіземіз және нәтижесінде сіздің компанияңызға бейімделген HR бірегей шешімдерін ұсынамыз;
Біздің корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыруда көп жылдық тәжірибеміз бар: халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстелдер, тренингтер мен тимбилдинг команда құру.

10 ЖЫЛДАН АСТАМ УАҚЫТТАН БЕРІ БІЗДІҢ ОРТАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ҚАРАСТЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТАДЫ.

БІЗДІҢ БАСТЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРЫМЫЗ

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жүйесінде біртұтас корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, оның ішінде құндылықтарды таратуға жәрдемдесу
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарына озық HR-техникаларды орталықтандыру және енгізу
Қазақстан Республикасындағы адами капиталды дамытудың озық және бәсекеге қабілетті орталығына айналу

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ
Біз адами капиталды, корпоративтік мәдениетті дамытуға және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосамыз.