Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты рәсім

ҚР ПІБ Медициналық орталығында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты рәсім

ҚР ПІБ Медициналық орталығында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты рәсім ҚР ПІБ Медициналық орталығында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты рәсім ҚР ПІБ Медициналық орталығында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты рәсім ҚР ПІБ Медициналық орталығында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты рәсім ҚР ПІБ Медициналық орталығында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты рәсім

ҚР ПІБ Медициналық орталығында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Асат Нұрпейісов, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының (ҚР ПІБ) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) келесі марапаттарын Медициналық орталықтың және ведомстволық қарасты ұйымдардың 28 қызметкеріне табыс етті:

• ҚР ПІБ құрмет грамоталары;

• ҚР ПІБ алғыс хаттары;

• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) «Еңбек ардагері» медальдары;

• «Үздік еңбегі үшін», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері;

• ҚР ПІБ Медициналық орталығының Құрмет грамоталары.

Асат Нұрпейісов ҚР ПІБ жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің ерекше орнын атап, дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады. Алексей Цой ерекше көзге түскен әріптестерді денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін және мамандыққа деген адалдығы үшін алғыс айтты.

Марапатталған барша әріптестерді құттықтаймыз! Сіздерге керемет көңіл-күй, отбасылық бақыт, амандық және зор денсаулық тілейміз!