Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығында үшінші радиофармацевтикалық препарат – 11С-метионин (көміртек-метионин) өндірісі іске қосылды. 11С-метионинмен жасалынатын ПЭТ/КТ зерттеуі ми ісіктерінің шекараларын (көлемін) анықтауда инвазивті емес диагностикалық әдістердің арасында ең дәлі болып қалуда және «алтын стандарт» ретінде танылуда. Енді позитронды-эмиссиялық томографияны (ПЭТ) қолдану арқылы мидың глиомаларын (ісіктерін) бастапқы диагностикалау және емдеу барысында патологиялық процестің дамуын динамикалық бақылау мүмкін болып отыр.
Ми ісіктерін диагностикалау үшін бұрын қол жетімді радиофармацевтикалық препарат 18F-FDG (фторглюкоза) болды, бірақ оның мидың сұр затымен глюкозаның едәуір жинақталуына байланысты ми ісіктерін диагностикалау мәселесін шеше алмады, яғни бұл радиофармпрепарат бас-ми ісіктерін, әсіресе ми глиомаларын диагностикалауда оңтайлы болмады.
2015 жылдан бастап ҚР ПІБ МО ауруханасындағы Ядролық медицинаның дамуы тарихында бір ғана радиофармацевтикалық препаратты - 18F-fdg (фтородезоксиглюкоза) қолданған болатын.
Ал 2022 жылдың желтоқсанында аурухананың жаңа ядролық медицина орталығында өзінің 18F-FDG өндірісі енгізілді.
Сонымен қатар, наурыз айында сүйек метастаздары мен қатерлі сүйек түзілімдерін диагностикалау үшін арнайы қолданылатын екінші радиофармацевтикалық препарат - 18F-NAF (натрий фториді) өндірісі енгізілді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Ядролық медицина орталығы тиісті өндірістік практика ережелері (GMP) бойынша өз қызметін растады.
Қазіргі уақытта Орталық 11С-метионинді қоса алғанда 5 радиофармацевтикалық препаратты ұсынады, соның ішінде галлий негізіндегі тағы екі препарат енген: 68Ga-PSMA, 68Ga-DOTA. Галий-ПСМА қуықасты безі обырын диагностикалауда, ал галий-ДОТА – кез келген нейроэндокриндік ісіктерді диагностикалау үшін қоданылады. Айта кететін жайт, Қазақстан бойынша нейроэндокриндік ісіктер жайлы статистика әлі түзілмеген. Халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту мақсатында қосымша препараттарды енгізу жоспарлануда.