Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы және Stemedica Cell Technologies, Inc. өкілдері арасында кездесу

ҚР ПІБ Медициналық орталығы және Stemedica Cell Technologies, Inc. өкілдері арасында кездесу

ҚР ПІБ Медициналық орталығы және Stemedica Cell Technologies, Inc. өкілдері арасында кездесу ҚР ПІБ Медициналық орталығы және Stemedica Cell Technologies, Inc. өкілдері арасында кездесу ҚР ПІБ Медициналық орталығы және Stemedica Cell Technologies, Inc. өкілдері арасында кездесу

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Stemedica Cell Technologies, Inc. Компаниясының өкілдері арасында жиын өтті. Кездесу барысында медицинада дің жасушаларын қолдану саласындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды.

Кездесуге ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев, Stemedica Cell Technologies, Inc. атынан компания президенті Николай Танкович мырза және клиникалық даму жөніндегі вице-президент Данияр Жұманиязов мырза қатысты.

Алексей Цой ауыр ауруларды емдеуде дің жасушаларын қолдану саласындағы зерттеулердің дамуының маңыздылығын атап өтті. Бұл еліміздің медицина саласының және медициналық қызмет көрсетудің дамуында жаңа жетістіктерге қол жеткізуге әкелетін үлкен мүмкіндік.

Екі жақ жаңа жобаларды іске асыруда ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жалғастыруға және медицина саласындағы жасушалық технологияларды дамыту мен енгізуде ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ниет білдірді.

Stemedica Cell Technologies, Inc. - аллогендік дің жасушаларымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттарды әзірлеуге және коммерцияландыруға маманданған америкалық озық биофармацевтикалық компания.