Басты бетСәлемдеме сөз

Сәлемдеме сөз

Құрметті сайтты қолданушылар!

Денсаулық - ертеден бері адамзат үшін ең негізгі құндылықтардың бірі болып есептелген. Өкінішке орай, қазіргі жоғары технологиялы әлемде, біз көбінесе оны нығайтуға қабілетсіз құбылыстармен жиі кездесеміз. Өмірдің даму деңгейімен және жаңа инженерлік жетістіктердің дамуымен қатар өркениет игілігі қоршаған ауаның зиянды газдармен ластануы, ионды сәулелер мен электромагнитті өрістердің адамға кері әсері, судың және топырақтың зиянды химиялық заттармен ластануы іспетті құбылыстарды ала келді, және бұл тізімді шексіз жалғастыра беруге болады.

Адамды зиянды әсерлерден дер кезінде қорғау - мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау қызметінің міндеті, оның бір бөлігі ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – санэпидсараптама орталығы) болып табылады.

Санэпидсараптама орталығы өз тарихын 2004 жылдың қаңтар айынан бері жеке кәсіпорын ретінде жүргізіп келеді және бір кездері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының СЭҚ-нің ортақ бөлімшесі болған зертханалық бөлімнің жалғастырушысы болып табылады.

Санэпидсараптама орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жүргізеді және Медициналық орталықтың санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен бірге (бұдан әрі – СЭҚБ) Қазақстан Республикасына ресми іссапармен келген шетелдік мемлекет басшыларының, Үкімет басшыларының және күзетілетін тұлғалардың шетелдерге, республика аймақтарына іссапарларының, күзетілетін тұлғалардың қатысуымен жүргізелетін шаралардың медициналық қауіпсіздігін, санитарлық – эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз етеді.

Санэпидсараптама орталығы тұратын ортаның бактериологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық зерттеулерін және физикалық өлшем факторларын (ионды және электромагниттік сәуле тарату, шу, жарықтандыру, микроклимат) Қазақстан Республикасының стандарттарына, ТМД елдері арасында қабылданған және халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізеді.

Санэпидсараптама орталығы Қазақстан Республикасы техникалық реттеу жүйесінде ҚР СТ ИСО МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкес аккредиттелген, санитарлық-химиялық, санитарлық-бактериологиялық және клинико-диагностикалық зерттеулер жүргізуге рұқсат берілген.

2012 жылы Санэпидсараптама орталығына халықаралық біріккен ILAK MRA № 03-46/36 (Халықаралық зертханаларды аккредиттеу Ассоциациясы) белгісі берілді. Халықаралық белгіні алу - зертханалық зерттеулер спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Берілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері ILAK жүйесінің құрамына кіретін әлемнің барлық елдерінде мойындалады.

Санэпидсараптама орталығында әлемнің көптеген зертханаларында қолданылып, тұратын орта объектілерінің зертханалық сараптама әдістерінің үдемелі дамуын қамтамасыз еткен құралдар кеңінен қолданылады. Ол мынадай құралдар «Varian CP - 3800» газды хроматограф, «Waters» сұйықты хроматограф, «GBS 933 plus» атомдыабсорбционды спектрометр, «Merk SQ - 118» спектрофотометр, судың микробиологиялық жүйесін тексеретін «Sartorius», микроағза жататын түр-тұқымын және антибиотикке сезімталдығын анықтайтын құрал - «BioMerieux MiniAPI», ол колониялар есебін тездету үшін электронды санауыш құралын автоматтандыру барысын сәйкестендіру үшін қажет, 1 сағаттың ішінде шараптың негізгі сапа параметрлерін анықтайтын стационарлы экспресс-анализатор «Y-15», алкогольсіз сусындардағы, балдағы, жеміс және көкөніс консервілеріндегі құрғақ заттарды анықтайтын экспресс-анализатор рефрактометр «KRUSS HR», ауыз судағы, бассейндегі судың рН деңгейін анықтайтын экспресс-анализатор рН-метр «Testo», жартылай қатты азық-түлік өнімдеріндегі (шұжық, ет, ірімшік және басқалары) тұздың деңгейін анықтауға арналған портативті «Солемер», зертхана жағдайында қолданылатын полимерлі материалдардың, тұрмыстық химия тауарларының, медициналық заттардың, киім, қағаз, парфюмерлі-косметологиялық және спиртті арақ өнімдердегі уытты заттардың деңгейін анықтайтын бағдарламасы бар «АТ-05» анализатор, барлық құтылардағы, қос тығынды шампан шараптың құтысын қоса алғанда, газдың қысымын өлшейтін универсалды афрометр (стационарлы жабдық), микроағзалардың сәйкестігін және антибиотиктерге сезімталдығын анықтайтын автоматты микробиологиялық анализатор «Vitek 2 Compakt 30» (стационарлы жабдық).

Қазіргі нарықтық заманда зертханалық қызмет - адам өмірін сақтау жүйесіндегі қоршаған орта жағдайын, адам өміріне қауіпті физикалық, химиялық, биологиялық әсер етуші факторлардың сапалық және сандық жағынан анықтау, адамның денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның табиғи, өндірістік және әлеуметтік басқада факторларының негізгі баға беру құралы болып табылады. Сондықтан да біз қызметімізді бұдан әрі жетілдіруді, дамытуды жалғастырамыз және біздің ұранымыз: «Дәлдік, уақытылы беру және әділдік».

Санэпидсараптама орталығы Кеден Одағының Техникалық Регламенттерінің, «Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға бірыңғай санитарлық- эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар», Қазақстан Республикасы стандарттары және халықаралық   стандарттарға (СТ    РК    ИСО/МЭК    17025-2007) сәйкес тұратын орта объектілерінің бактериологиялық, паразитологиялық, сантарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық тексерулер мен физикалық факторларды (иондайтын және электромагнитті сәулелендіру, шу, жарық, микроклимат)  өлшеу жұмыстарын жүргізеді.

Миссиясы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Парламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұратын орта объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің жоғары деңгейіне жету.

Мақсаты

Тұратын орта объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу саласында әлемдік стандарттардың деңгейіне жету.

Даму перспективаларының міндеттері:

1. Санэпидсараптама Орталығының жаңа өндірістік-зертханалық корпусын салу арқылы қолда бар өндірістік аумақтарды кеңейту.

2. Халықаралық стандарттарға сәйкес нақтылығы жоғары құралдар мен аспаптар арқылы Санэпидсараптама Орталығының материалдық-техникалық базасын нығайту.

3. Тұратын орта объектілеріне сараптама жасау үшін зертханалық зерттеулердің жаңа әрі сұранысқа ие әдіс тәсілдерін енгізу.

4. ИСО/ХЭК 17025-2007 сертификатын растайтын инспекциялық тексерулерді уақытылы өтіп тұру.

Марапаттаулары мен  сертификаттары

Қазақстан  Республикасындағы техникалық реттеу жүйесінде СТ РК ИСО/МЭК 17025-2007 (№KZ.И.01.0570 от 17. 11. 2014г.) талаптарына сәйкес, санитарлық-химиялық, санитарлық-бактериологиялық және клиникалық-диагностикалық тексерулер жүргізуге рұқсат ала отырып  реаккредиттелген. Халықаралық аккредитация аттестатын алу дегеніміз - зертханалық тексерулер спекторын кеңейту және Санэпидсараптама орталығы берген тексеру қорытындыларының заңдылығы халықаралық ILAC жүйесі құрамына кіретін әлемнің барлық елдерінде қабылдануына  мүмкіндік береді деген сөз.

2012 жылы Зертханалық Біріктірілген халықаралық ILAK MRA №03-46/36 Белгісіне (Зертханаларды аккредитациялау жөніндегі Халықаралық Ассоциация) ие болды.

2013 жылы  Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергетикасы комитетінің № 13017762 мемлекеттік сертификаты берілген.

2013 жылы 2011-2012 жылдардың статистикалық қорытындысы бойынша ең үздік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері үшін   Статистикалық зерттеулердің Ғылыми-ақпараттық орталығы және Бизнес-рейтингтер Одағының атынан   «Сала көшбасшысы 2013» Ұлттық сертификатын иеленді.

Даму перспективалары

Санэпидсараптама орталығы өз тарихын 2004 жылдың қаңтар айынан бері жеке кәсіпорын ретінде жүргізіп келеді және бір кездері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының ортақ бөлімшесі болған зертханалық бөлімнің  жалғастырушысы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Парламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұратын орта объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізудің жоғары деңгейіне жету.