Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасындағы жаңа аутоиммундық аурулар орталығы

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасындағы жаңа аутоиммундық аурулар орталығы

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасындағы жаңа аутоиммундық аурулар орталығы ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасындағы жаңа аутоиммундық аурулар орталығы ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасындағы жаңа аутоиммундық аурулар орталығы ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасындағы жаңа аутоиммундық аурулар орталығы

Жыл басынан бері Медициналық орталықтың ауруханасында аутоиммундық аурулар орталығы жұмыс істейді. Орталық аутоиммундық ревматологиялық және нефрологиялық ауруларға шалдыққан пациенттерге көмектесуге маманданған. Оның құрамында 14 ревматологиялық және 6 нефрологиялық, сондай-ақ терапиялық бейіндегі 10 төсек-орын бар.

Аутоиммундық аурулар орталығының негізгі міндеттеріне стационарлық жағдайда аутоиммундық және емдік ауруларды диагностикалау және емдеу, осы аурулардың асқынуларының алдын алу, дәрігерлер мен пациенттерге арналған білім беру іс-шараларын жүргізу жатады.

Орталық сонымен қатар басқа ревматологиялық және бүйрек патологиясы бар науқастарға, соның ішінде қосарласқан аурулары бар науқастарға зертханалық және аспаптық диагностикалық әдіспен көмек көрсетеді.

Әр пациентті диагностикалау мен емдеуде көпсалалы тәсіл қолдану – Орталықтың ерекшеліктерінің бірі. Емдеу аяқталғаннан кейін пациенттер емдеуші дәрігерлердің қабылдауы арқылы амбулаториялық-емханалық бақылауды жалғастыра алады. Басқа аймақтардағы пациенттер үшін онлайн-консультация қолжетімді.

Бөлімше дәрігерлері шетелдік Ресей, Израиль және Түркия клиникаларында білім алды, бұл оларға диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

Аутоиммундық аурулар орталығы аутоиммундық және нефрологиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмектің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және өмір сапасын жақсартуға бағытталған.