Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында инновациялық бағыттардың бірі – «Lesson...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында инновациялық бағыттардың бірі – «Lesson study» педагогикалық тәсілі қолданылады

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында инновациялық бағыттардың бірі – «Lesson study» педагогикалық тәсілі қолданылады ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында инновациялық бағыттардың бірі – «Lesson study» педагогикалық тәсілі қолданылады ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында инновациялық бағыттардың бірі – «Lesson study» педагогикалық тәсілі қолданылады

«Lesson study» педагогикалық тәсілі оқыту үдерістерін дамыту және жетілдіру мақсатында 2022 жылғы қыркүйектен бастап ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында жұмыс тәжірибесінде қолданыла бастады. Аталған объект меңгерушісі Раушан Қожахметова атап өткендей, бұл инновациялық бағыт педагогтарға оқыту мен тәрбиелеуде жаңа тәсілдемелерді тиімдірек енгізуге мүмкіндік береді.

– «Lesson study» бойынша 25 тәрбиешісі мен педагогтары жұмыс істейді. Бұл әдісті қолданудағы мақсат – тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру. Оның нәтижесінде балабақша педагогтары білім сапасына тиімді әсер ететін әдіс-тәсілдерді анықтады. Әр топта оқытудың түрлерін сәтті біріктіре отырып, өзге мамандармен де бірлесіп әрекет етеді. Тәрбиеленушілерге балабақшада қызықты бола бастады, сабақтар ойын түрінде өтеді, педагогтер балалардың пікірін, ынтасын байқай бастады. Ғылыми жобалар, шығармашылық көрмелердің саны артты. Балалар балабақшаға тез бейімделе бастады, – дейді Раушан Қожахметова.

Тағы бір атап өтетіні, «Lesson study» тәсілін қолданудың нәтижесінде педагогтар дидактикалық, ойын және сюжеттік материалдарды көбірек дайындай бастады. Топтарда әр баланың жанама дамуына мүмкіндік беретін түрлі материалдар пайда болды.