Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) өкілдері арасында жиын өтті.
Кездесу ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой және ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасарлары Жандос Жұмабеков пен Людмила Бюрабекова, ҚР ПІБ МО ауруханасының директоры Рустам Албаев қатысты. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық тарапынан атқарушы директор Дэвид Клив, сондай-ақ химиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық сарапшы Ракель Дуарте-Дэвидсон қатысты. Кездесу барысында Қазақстанда ақпараттық-токсикологиялық орталықтың ашылуымен байланысты маңызды мәселелер талқыланды.
Алексей Цой Қазақстанда ақпараттық-токсикологиялық орталықтың ашу жобасының маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастама бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде халықтың денсаулығына төнген қауіп-қатерлерге медициналық қызметтердің дайындығы мен әрекет етуді күшейтуге көмектесетінін атап өтті.
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық - Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия ғалымдарының басқа елдердің зерттеу орталықтарымен байланыстырушы буын болып табылатын үкіметаралық ұйым. ХҒТО халықаралық ғылыми жобаларды іске асыруға ықпал етеді және жаһандық ғылыми-іскерлік қоғамдастыққа бірлескен әзірлемелер мен озық зерттеулер үшін институттарды тартуға көмектеседі.