Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы алқасының 2023 жылдың бірінш...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы алқасының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы алқасының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы алқасының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы алқасының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы алқасының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы алқасының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысы

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Кеңес барысында Медициналық орталығы бағыттарының қорытындылары мен басымдықтары талқыланды.

Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Асат Нұрпейісов, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасарлары, ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Алқа отырысында ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Асат Нұрпейісов Медициналық орталықтың әр ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметтеріне тоқталып, алдағы екінші жартыжылдықтың жоспарларын белгіледі. Сондай-ақ, әрбір қызметкердің еңбегі елеулі екенін ерекше атап өтті.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Медициналық орталықтың жүйесіндегі цифрландыру мен IT-архитектураны дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, жоспарларды бекітті.

Жиын барысында ведомстволық қарасты ұйымдарының басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Медициналық орталық үшін пациенттерді озық технологияларға негізделген және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи медициналық көмекпен қамтамасыз ету әрқашан басымдылық болып қалады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 6 айында:

• «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында Медициналық орталықтың мамандары Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Шымкент қалаларына барып қайтты. Пациенттерге 1000-нан астам консультация және 107 күрделі хирургиялық операция жасалды.

• Медициналық орталық ауруханасының Ядролық медицина орталығының базасында 3 жаңа радиофармпрепарат өндірілді, бұл зерттеулер санын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

• «ОqJetpes» бірыңғай операторы жаңа бағдарламасын іске қостық, ол Медициналық орталықтың ауруханалары мен санаторийлерінде емдеу мен сауықтыруды айтарлықтай жақсартады. Пациенттер емдеудің әр кезеңінде жан-жақты қолдау алады.

• Медициналық орталықтың ауруханасы JCI халықаралық стандартына қайта аккредиттеуден сәтті өтті, ал Ядролық медицина орталығы GMP стандартын алды (Циклотронды-өндірістік кешеннің өндірістік алаңының жұмысы үшін).

• «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені дәстүрлі қазақ құндылықтарын, халықтық емдеу әдістерін және демалудың қолайлы жағдайларын біріктіретін «Kazakh Nomad Resort» жаңа тұжырымдамасын енгізді.

• Елімізде алғаш рет Медициналық орталықтың ауруханасы базасында 2 жаңа технология енгізілді, енгізілген технологиялардың бірі қатерлі ісіктердің дамуына байланысты 161 геннің геномдық мутацияларын анықтауға қатысты.