ҚР ПІБ Медициналық орталығы учаскелік желі үшін (дәрігерлер, мейірбикелер, оның ішінде егу кабинеттерінің мейірбикелері) «Эндемиялық елдерге баратын адамдар үшін сары безгекке қарсы вакциналау» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Іс-шара 2023 жылғы 2 тамызда ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында өтті. Спикер ретінде Медициналық орталықтың бас санитариялық дәрігері - Айгүл Темірғалиева сөз сөйледі. Семинар медицина қызметкерлерінің осы қауіпті жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық вакциналаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Сары безгек ауруы – жіті жұқпалы ауру. Осы ауру түрі жиі кездесетін эндемиялық аймақтарына Африка елдері кіреді. Ауру «Naegleria» және «Aedes» тұқымдас масалардың шағуы арқылы таралады. Сары безгектің қаупі әсіресе саяхатшылар үшін өзекті мәселенің біріне айналуда. Профилактикалық вакциналау - бұл ауруды алдын алудың жалғыз және ең сенімді құралы.
Медициналық орталықтың бас санитарлық дәрігері сары безгекті жұқтыру қаупі жоғары елдерге барар алдында профилактикалық вакциналаудың қажеттілігі туралы халықты хабардар етудің маңыздылығын атап өтті.