Басты бетСәлемдеме сөз

Сәлемдеме сөз

«Қазақстан» санаторийіне қош келдіңіз!

«Қазақстан» санаторийі Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Бастери курорттық ауданының аумағында, ғасырлық Тянь-Шань шыршалары өсетін саябақ аймағында орналасқан.

«Ыстықкөл» сөзінің мағынасы «Ыстық көл» деген атауында тұр. Шынында да, Ыстықкөл тіпті ең суық қыста да қатпайды. Көл Теріскей мен Күнгей Алатау жоталарымен қоршалған қазан шұңқырда орналасқан, олар оны солтүстіктен суық ауадан және Орталық Азия шөлінің ыстық қызуынан қорғайды. Сол себептен жағалауда қатты аяз да, шыжыған ыстықта болмайды. Көл теңіз деңгейінен 1609 метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы - 178 км, ені 30-дан 68 км-ге дейін, жағалау сызығының ұзындығы - 668 км. Алып жатқан аумағы бойынша Ыстықкөл көлі Оңтүстік Америкадағы Титикакадан ғана артық асып түсе алмайды, ал тереңдігі бойынша  (максималды тереңдігі – 668 м) және су көлемі бойынша Байкал көлінен кейін әлемде теңдесі жоқ. Көлге 118 өзен құйғанмнен, одан қайта ағып шықпайды. Су мөлдірлігінің арқасында  күн сәулелері суды жарып, 70 метр тереңдікке енеді.

«Қазақстан» санаторийі курорттардың бальнеологиялық және климаттық түріне жатады және көлдің солтүстік жағалауындағы ең ірі климаттық және бальнеологиялық шипажайы болып саналады. Мұнда сіз балшықпен емдеудің, гидро және физиотерапияның әртүрлі түрлерін алуға болады.

Құмды жағажай аумағы мен саябақтың көлеңкелі ағаштардың астында оңаша аймақтары, тау бөктері мен су бетінің әсем пейзаждары сізді таң қалдырып,  демалысыңыз ұмытылмас әсер қалдырады.

Мұның бәрі демалушыларды жан рахатына бөлейді.

Құрметпен, директор Таймерденов Бақыт Нағашбекұлы