Басты бетТарих

Тарих

Озеро Иссык-куль

«Қазақстан» санаторийі Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Бастери курорттық ауданының аумағында, теңіз деңгейінен 1610 метр биіктікте орналасқан және 1962-1964 жылдары салынған.

Қырғыз КСР Министрлер Кеңесінің 01.09.1961 ж. Қаулысына сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс Басқармасының демалыс үйін салу үшін жер учаскесі бөлінді.

Алғашында  рет Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Төртінші бас басқарманың «Ыстық көл»  санаторийі жеңіл қаңқалы - қамыстан жасалған ғимараттарда орналасқан болатын.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 18 қаңтардағы № 75-р өкілімен «Ыстық көл» санаторийі «Қазақстан» санаторийі болып қайта аталды.

«Қазақстан» санаторийінде осы уақытқа дейін Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Д. А. Қонаев демалған саяжай сақталған. Оның тарихи құндылығын сақтау мақсатында мұражай құру жоспарлануда.

1982 жылға дейін санаторийді бас дәрігер И.И. Соколик басқарды, 1982 жылдан 1993 жылға дейін – бас дәрігер В. Т. Чумаков, ал қазіргі уақытта санаторийді қызмет көрсету саласында еңбек сіңірген қызметкер - Асылбеков Сатан Асылбекұлы басқарады.

«Қазақстан» санаторийі курорттардың бальнеологиялық және климаттық түріне жатады.

Байланыс

Ыстықкөл көліндегі «Қазақстан» санаторийі.

722316 ҚР, Шолпан-Ата-2 қ., «Қазақстан» санаторийі

тел. 42-220