Қазіргі компьютерлер біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, және әрбір жұмыс орны копьютермен жабдықталған. Бірақ бұл технологиялардан электромагниттік сәулелер адам ағзасына теріс әсер беретінін есте ұстаған жөн. Бұл бас ауруына, шаршауға, зейіннің төмендеуіне, сондай-ақ көру мен қан қысымының нашарлауына әкеледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы электр және магнит өрісінің, сондай-ақ электростатикалық өрістің деңгейін бақылау үшін жұмыс орындарындағы арнайы өлшеулер жүргізеді.
Кеңсе техникасының теріс әсерін азайту үшін кейбір нұсқауларды орындау қажет:
- Бірнеше компьютер болған жағдайда олардың қабырғалардың периметрі бойынша орналастырыңыз
- Электромагниттік сәулеленуден қорғайтын мониторларды қолданыңыз
- Мониторды таңдағанда қорғаныс деңгейіне және радиацияға назар аударыңыз
- Жұмыстан кейін компьютерді өшіріңіз
- Кеңсені таза ұстаңыз және ауа сапасын жақсарту үшін ионизаторларды қолданыңыз
- Мониторды көзден ыңғайлы қашықтықта, ал жүйелік блокты пайдаланушыдан алыс орналастырыңыз
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру электромагниттік өрістердің сіздің денеңізге теріс әсерін азайтуға көмектеседі. Жылына кемінде бір рет жұмыс орындарында компьютерлерден электромагниттік сәулеленуді бақылау ұсынылады.