Басты бетАңдатпа! Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қостанай облысын...

Аңдатпа! Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері

Аңдатпа! Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері Аңдатпа! Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері Аңдатпа! Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері Аңдатпа! Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері Аңдатпа! Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері Аңдатпа! Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері

2023 жылғы 21-24 тамыз аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мамандары делегациясының Қостанай облысына іссапармен барады. Осыған дейін Медициналық орталықтың өкілдері Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында болды. Сапардың басты мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жаңа медициналық технологияларды Қостанай облысының медициналық мекемелеріне енгізу, ауруларды алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде қолданылатын заманауи әдістермен бөлісу, сондай-ақ ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, атап айтқанда нейрохирург, травмотолог, аритмолог, гинеколог және басқа да мамандар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік кластарын өткізеді, сондай-ақ облыс тұрғындарына тегін консультациялар беріп, Қостанай облыстық ауруханасы, Қостанай қалалық ауруханасы, Қостанай қалалық көпсалалы онкологиялық ауруханасы, Қостанай облыстық кардиологиялық орталығы мен Рудный қалалық ауруханасы базасында күрделі операциялар өткізеді.

Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:

2023 жылғы 22 тамызда

Қостанай областық ауруханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:

12:00 - 14:00 – Мыңжылқы Бердіходжаев - жоғары санатты нейрохирург дәрігері.

2023 жылғы 23 тамызда

Қостанай областық ауруханасы ауруханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:

09:00 - 12:00 – Сәкен Мұлдағалиев - жоғары санатты травматолог дәрігері;

09:00 - 12:00 – Асқар Ибраев-Рысбеков - жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері.

Медициналық орталықтың басқа ведомтсвалық қарасты ұйымдары - Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері өз бағыттары бойынша тренингтер өткізіп, өңір дәрігерлеріне шеберлік сыныптарын өткізеді.

Сондай-ақ, 24 тамызда ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы және Қостанай облысының әкімдігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Осының бәрі технологиялар трансфертін іске асыруға және өңірдегі дәрігерлерді оқытып, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы форматтағы іс-шаралар биыл еліміздің басқа да өңірлерінде өз жалғасын табады.

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты көрсетілген телефондар арқылы алуға болады: +7 7172 74 97 00, +7 708 888 88 06.