ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Senshin clinic өкілдері арасында озық онкологиялық орталық құру туралы кездесу өтті.
Кездесуге ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев, Сондай-ақ, Senshin clinic–тің негізін қалаушы Соуза Сакура мырза және директор Ричард Хидеки Кашинский мен Asem медициналық-фармацевтикалық корпорациясы құрылтайшысы Мұхит Асанов мырза қатысты.
Кездесу барысында озық технологияларды, тәжірибені және онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа әдістерімен алмасу мәселелері талқыланды. Медициналық орталықтың басшысы Алексей Цой бұл ынтымақтастық пен серіктестік онкологиялық аурулармен күресуге, сондай-ақ регенеративті медицина, бағаналы және иммундық жасушалық терапия сияқты озық емдеу әдістерін енгізу үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Бұл кездесу ынтымақтастық пен инновацияның күрделі аурулармен күресуде жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын растады.
Senshin clinic – Токионың жетекші регенеративті медицина орталығының бірі. Медицина саласында озық инновациялық IT-технологиялармен жұмыс жасайтын және әлемдік деңгейдегі жетекші медициналық ұйымдармен ынтымақтасу орнатқан мекеме.