Сапардың алғашқы күнінде Медициналық орталығы ауруханасы мен Орталық клиникалық аурухананың үздік дәрігерлері - жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев, жоғары санатты гинеколог Асқар Ибраев-Рысбеков және жоғары санатты травматолог Сәкен Молдағалиев 5 күрделі операция жасады, сондай-ақ Қостанай облысының дәрігерлері үшін шеберлік сыныптарын және семинарлар өткізді.
Аталған іс-шаралар «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында өтіп жатыр.