Басты бетСовмин ресми түрде Ұлттық госпиталь атанды

Совмин ресми түрде Ұлттық госпиталь атанды

Совмин ресми түрде Ұлттық госпиталь атанды

Бүгін ҚР Үкіметінің «Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамын ҚР ПІБ МО «Ұлттық госпиталі» ШЖҚ РМК деп өзгерту жөніндегі қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, қайта құрылған Ұлттық госпиталдің құзіретті органы болып ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы, ал мекеменің негізгі қызметі – денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету деп белгіленді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Ұлттық госпиталь мәртебесіне көшу – Совминканың медицина саласындағы ұстанымын нығайтатын және көрсетілетін қызметтердің сапасына ешқандай әсер етпейтін маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл Медициналық орталықтың пациенттердің денсаулығына деген қамқорлықтың жоғары сапа стандарттарына ұмтылысының дәлелі.

«Аурухананың басты міндеті – пациенттерге сапалы қызмет көрсету. Совмин әрдайым отандық медицинаның көшбасшысы болған, кез келген заңды формада солай боп қалады», - деді аурухана басшысы Асхат Бралов.

Қосымша ақпарат алу үшін баспасөз қызметіне хабарласуыңызды өтінеміз: +77087157729