ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. ПІБ Медициналық орталығының басшысы Қостанай облыстық ауруханасына барды. Сапар барысында делегация аурухананың бөлімшелерін аралап, қызметімен танысты, операция жасалған пациенттермен жеке жүздесті. ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері әріптестермен медицина саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.
21 тамыздан бері Қостанай облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен оған қарасты ұйымдардың 32 жетекші маманы халыққа практикалық, консультативтік және ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибе мен біліммен бөлісіп, күрделі операциялар жасауда. Облыстың дәрігерлеріне және бизнес өкілдеріне шеберлік сабақтар мен тренингтер өткізілгенін атап айту қажет.
«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясындағы іс-шара Қазақстанның өңірлеріне жаңа медициналық білім мен технологияларды енгізуге ішкі медициналық туризмді дамытуға, сондай-ақ ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.