Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері шеңберінде ведомстволық қарасты ұйымд...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері шеңберінде ведомстволық қарасты ұйымдардың қатысуымен өткен іс-шаралар

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері шеңберінде ведомстволық қарасты ұйымдардың қатысуымен өткен іс-шаралар ҚР ПІБ Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері шеңберінде ведомстволық қарасты ұйымдардың қатысуымен өткен іс-шаралар ҚР ПІБ Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері шеңберінде ведомстволық қарасты ұйымдардың қатысуымен өткен іс-шаралар ҚР ПІБ Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері шеңберінде ведомстволық қарасты ұйымдардың қатысуымен өткен іс-шаралар ҚР ПІБ Медициналық орталығының Қостанай облысындағы күндері шеңберінде ведомстволық қарасты ұйымдардың қатысуымен өткен іс-шаралар

Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдары: «Қарлығаш» балабақшасы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені өз ұйымдарының қызметі туралы Қостанай облысының мамандарына таныстырды. 500-ге жуық адам қатысқан іс-шаралар 20-дан астам презентацияны қамтыды.

«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері облыстың 6 мектепке дейінгі мекемесіне барып қайтты. Сондай-ақ, Білім басқармасының өкілдері мен педагогтер қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Балабақша директоры Бейбітгүл Казақпаева «Желілік балабақша моделі» презентациясымен таныстырып, балабақшаның жетістіктері мен оқытудың инновациялық әдістеріне тоқталды. Балабақша өкілдері «Қозғалыс арқылы оқыту» шеберлік сабағын өткізіп, мектепке дейінгі ұйымдардағы білім сапасын бағалау үшін ECERS-3 шкаласын пайдалану әдістемесін қолдану бойынша тәжірибемен бөлісті.

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының басшысы Қази Тілеубеков әкімшілік-басқару персоналына орталықтың қызметі мен жетістіктері және корпоративтік білім беру бағдарламаларындағы соңғы үрдістер туралы айтып берді.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы өңірдің медицина қызметкерлеріне шеберлік сабағын өткізді. Жұқпалы аурулардың вакциналық профилактикасы, жұқпалы ауруларды диагностикалау мен эпидемиологиялық бақылауда геномдық секвенирлеуді қолдану, менингококк инфекциясын зертханалық диагностикалау сияқты маңызды тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды.

Сондай-ақ, Медициналық орталықтың жетекші мамандары (нейрохирург, аритмолог, гинеколог, травматолог және басқалар) облыс тұрғындары үшін консультациялар және операциялар жүргізді. Медициналық орталығы ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Бабашевтің қатысуымен шеберлік кластары жалғасуда.