Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» емдеу-сауықтыру кешенінде зат алмасу ауруларын емдеуге...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» емдеу-сауықтыру кешенінде зат алмасу ауруларын емдеуге кешенді тәсіл

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» емдеу-сауықтыру кешенінде зат алмасу ауруларын емдеуге кешенді тәсіл ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» емдеу-сауықтыру кешенінде зат алмасу ауруларын емдеуге кешенді тәсіл ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» емдеу-сауықтыру кешенінде зат алмасу ауруларын емдеуге кешенді тәсіл ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» емдеу-сауықтыру кешенінде зат алмасу ауруларын емдеуге кешенді тәсіл

Зат алмасудың бұзылулары - санаторийдің негізгі емдеу бейіндерінің бірі. 2023 жылы санаторийде қант диабеті ауруымен 54 және метаболизмдік синдроммен 49 адам емделуден өтті.

Санаторийдің курортолог-дәрігері эндокринологпен және медициналық диетолог мейірбикесіменпен бірге қажетті емдеуді тағайындайды. Жеке емдеу бағдарламасын әзірлеу кезінде пациенттің барлық ілеспе аурулары ескеріледі.

«Қазақстан» санаторийіндегі терапияның бірегей ерекшелігі өңірдің табиғи емдік факторларын: Тамбукан көлінің емдік балшығын және Ессентуки типті минералды суларды қолдану болып табылады.

Емдеу бағдарламасына емдік дене шынықтыру, массаж, терренкур, минералды суды курстық қабылдау, әртүрлі физиотерапия, бальнеотерапия, балшықпен емдеу және диеталық тамақтану кіреді.

Курорттық факторлар тағайындалған физиотерапиялық процедуралармен бірге метаболизмді қалпына келтіреді және дененің жалпы нығаюына ықпал етеді. Емдеу аяқталғаннан кейін демалушылар одан әрі емделу, тамақтану және физикалық белсенділік режимі бойынша ұсыныстар алады.