Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында «Pom...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында «Pomodoro әдісі»

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында «Pomodoro әдісі» ҚР ПІБ Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында «Pomodoro әдісі» ҚР ПІБ Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында «Pomodoro әдісі»

Біздің миымыз ұзақ уақыт бойы бір нәрсеге зейін қоя алмайтынын білесіз бе? Зерттеулер көрсеткендей, өнімді жұмыстың орташа ұзақтығы 25-45 минутқа ғана созылады. Одан әрі адамның зейіні басқа нәрселерге ауа бастайды.

Бұл орайда, сіздерге Pomodoro тәсілін ұсынамыз. Ол келесі қарапайым қағидаға негізделген: жұмыс не оқуды белсенділік және демалыс кезеңдеріне бөлу қажет.

Бұл тәсіл былай жұмыс істейді:

• Өзіңізге орындауды қажет ететін міндетті таңдап алыңыз.

• Таймерді 25 минутқа қойыңыз (бір «қызанақ»).

• Таймер белгі бергенге дейін өз міндетіңізді орындауға бар зейініңізді салыңыз.

• Таймер белгі берген соң бір «қызанақтың» орындалғанын белгілеп қойыңыз.

• 5 минуттық үзіліс жасап, демалып алыңыз.

• Бұл циклді тағы 3 рет қайталаңыз (25 минут жұмыс, 5 минут үзіліс).

• Төрт «қызанақтан» кейін ұзағырақ, мысалы, 15-30 минуттық демалыс алыңыз.

Бұл тәсіл жұмыс күнін бірнеше кезеңге бөліп, әрі өнімді жұмыс істеп, әрі шаршамауға мүмкіндік береді. Қолайлы болу үшін таймер ретінде жұмыс істейтін, дәл осы тәсілмен аталатын мобильді қосымшаны жүктеп алуға болады.