Ауруханада хирургия бөлімшесінде дәрігерлер көптеген операциялар жасайды, солардың бірі - лапароскопиялық холецистэктомия.
Лапароскопиялық холецистэктомия – арнайы лапароскопиялық техниканы пайдалана отырып, өт қабын алып тастайтын операция. Холецистэктомия кезінде патологиялық өзгерген өт қабы хирургиялық араласу арқылы толық алынып тасталады.
Лапароскопиялық холецистэктомия көрсеткіштері:
• жіті холецистит
• холедохолитиаз
• өт қабына тас байлану ауруы
• өт қабының холестерозы
• өт қабы полиптері
• өт қабының функционалдық бұзылуы
Хирургиялық әрекеттен кейін 1 айға дейін физикалық жүктемені шектеу ұсынылды (3-4 кг артық ауыр көтермеу, іш бұлшықеттеріне күш түсіретін физикалық жаттығулар жасамау).