Бүгінде алғашқы медициналық көмекті тек қана жедел жәрдем дәрігерлері емес, полиция қызметкерлері, төтенше жағдай қызметкерлері, өрт сөндірушілермен қатар, кез келген ерікті азамат оқиға болған орында алғашқы көмек көрсете алады. Дәрігер келгенше өзіне және отбасына, сыртта жүргенде айналасындағы адамдарға уақытында әрі дұрыс көмек көрсете білу құнды қабілет. Бұл үшін әрине білім керек.
Ол білімді қайдан алуға болады? ҚР ПІБ МО ауруханасының Кәсіптік білім беру бөлімі тек қана қызметкерлерге ғана емес, кез келген ұжымға немесе жеке тұлғаға алғашқы медициналық көмек көрсету курсын өткізеді. Онда жедел жәрдем келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету дағдылары үйретіледі.
Кәсіптік білім беру бөлімі медициналық білімі жоқ азаматтарға да төтенше жағдайда көмек беруді және тәжірибелік дағдыларды үйретеді. Оқуды Еуропалық реаниматологтердің кеңесімен сертификатталған тәжірибелі инструктордар өткізеді. Оқу соңында әр қатысушыға сертификат табысталады.
Көмек көрсетуге ниетті кісі адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуындағы негізгі белгілерді, алғашқы көмек көрсетудің жалпы принциптерін, зардап шеккендерді тасымалдаудың және эвакуациялаудың негізгі әдістерін білуі маңызды.