2023 жылғы 21 қыркүйекте ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен бірлесіп, «Респираторлық медицина және ЖРВИ мен тұмауды алдын алудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференция» өткізді.
Конференцияның ашылуында ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова, ҚР ДСМ СЭБК төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова және ҚР ДДСҰ өкілі Скендер Сыла мырза сөз сөйледі.
Людмила Бюрабекова бұл іс-шараның ЖРВИ мен тұмауды алдын алумен байланысты өзекті тақырыптарды, соның ішінде респираторлық инфекциялар маусымы кезінде халықты вакциналау мәселелерін талқылауға арналған алаң ретінде маңыздылығын атап өтті.
Конференция жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Қазақстан Республикасындағы Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі американдық орталықтардың өкілдері, елдің жетекші ұлттық және шетелдік ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны: офлайн форматта 183 дәрігерді, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен онлайн қосылған 7677 маманды құрады.
Конференцияда тұмау, ЖРВИ, Ковид-19 сияқты респираторлық инфекцияларды диагностикалау мен алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды.