Сапардың алғашқы күнінде Медициналық орталықтың ауруханасы мен Орталық клиникалық аурухананың үздік дәрігерлері Жамбыл облысының тұрғындарына көмек көрсетті. Өткізілген консультациялардың жалпы саны 25, сондай-ақ облыс дәрігерлеріне шеберлік кластары өткізілді. Жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев және басқа мамандар 8 күрделі операцияны сәтті жасады.
Аталған іс-шаралар «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясында өтіп жатыр.