ҚР ПІБ Медициналық орталығының тәжірибелі мамандары Жамбыл облысында екі күн бойы нейрохирургия, онкология және басқа саласында консультациялар, презентациялар мен шеберлік сабақтар өткізіп, 18 күрделі операция жасады.
Өткізілген іс-шаралар барысында өзекті мәселелер талқыланып, пайдалы дағдылар айтылды, диагностика мен емдеудің жаңа әдістері талқыланды. Ұсынылған әдістердің кейбірі бұл аймақта бұған дейін қолданылмаған еді.
«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» - Жамбыл облысындағы медицина сапасын арттыруға, өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, халық үшін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған іс-шара.