Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері: төртінші күннің қорытындысы

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері: төртінші күннің қорытындысы

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері: төртінші күннің қорытындысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері: төртінші күннің қорытындысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері: төртінші күннің қорытындысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері: төртінші күннің қорытындысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері: төртінші күннің қорытындысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері: төртінші күннің қорытындысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері: төртінші күннің қорытындысы

Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдары өз қызметін Жамбыл облысының мамандарына таныстырды. 250-ге жуық адам қатысқан іс-шаралар 10-нан астам презентацияны қамтыды.

«Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Казақпаева «Желілік балабақша моделі» презентациясын таныстырды. Сондай-ақ, «Білім беру процесіне ECERS-3 стандарттарын енгізу» презентациясы және «Балаларды биге үйрету кезінде «Metodologia Coordenаndo-se» бразилиялық әдістемесін қолдану» мастер-класы көрсетілді.

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының басшысы Қази Тілеубеков әкімшілік-басқару персоналына Орталықтың қызметі мен корпоративтік білім беру бағдарламаларындағы соңғы үрдістер туралы айтып берді.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Сәуле Шарипова үздік халықаралық тәжірибелер (GHP, GMP) және НАССР қағидаттары негізінде тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік кәсіпорындарындағы зертханалық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Жамбыл облысының Кәсіподақ орталығы базасында «Оқжетпес»ЕСК» АҚ санаторийі өз қызметі туралы баяндады. Кездесуге Тараз қаласының медициналық емдеу ұйымдары кәсіподақтарының төрағалары қатысты.

Сондай-ақ, Медициналық орталықтың жетекші мамандары (нейрохирург, гинеколог, уролог және басқалар) облыс тұрғындары үшін консультациялар және операциялар жүргізді.