ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы бастаған делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығына барды. Медициналық орталықтың ведомстволық қарасты ұйымдарының басшылары өз мекемелерінің стратегиялық бағыттары туралы баяндады. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев пен Орталық клиникалық аурухананың президенті Асхат Бралов еліміздің үздік ауруханалырының қызметі туралы жан-жақты айтып, облыс әріптестерімен медицина саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.
Сонымен қатар ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой аурухананың қызметімен, сәулелік терапия бөлімшесімен және маммография, рентген, УДЗ, КТ және МРТ зерттеу кабинеттерімен танысты.
25 қыркүйектен бері Жамбыл облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен оған қарасты ұйымдардың 34 жетекші маманы халыққа практикалық, консультативтік және ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасада. Облыстың дәрігерлеріне және бизнес өкілдеріне шеберлік сабақтар мен тренингтер өткізілгенін атап айту қажет.
«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» аясындағы іс-шара Қазақстанның өңірлеріне жаңа медициналық білім мен технологияларды енгізуге, халыққа медициналық көмк көрсетуге, ішкі медициналық туризмді дамытуға, сондай-ақ ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.