Ауруханада бірнеше жылдан бері пациенттерді бариатриялық операциядан кейін кешенді оңалту әдістемесі қолданылып келеді.
Пациенттер өздерінің тамағ жей әдетін толық өзгертулері қажет, себебі операция кезінде олардың асқазандары едәуір кішірейеді. Бариатриялық операциядан кейінгі басқа диета ұсынылатынын ескерген жөн.
«Олардың өмір сүру салттары операцияға дейін және кейін болып бөлінеді және мұны операцияға дейін түсініп, өзіне жауапкершілік алу қажет», - деп атап көрсетті дәрігер-гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының кандидаты Исакова Гаухар Бахтановна.
Дәрігердің ұсыныстары:
• Тамақты тым аз мөлшерде тұтыну керек, алғашқы күндері жанама әсер тудырмау үшін бір-екі қасық мөлшерінде болады.
• Сонымен қатар физикалық белсенділікті көбейтіп, рационға мультивитаминдер мен ақуыз қоспаларын қосуды ұсынады.
• Алғашқы екі аптада тағамды 500 калориядан асырмау қажет, келесі екі аптада 700 калорияға дейін көбейтіп, тек бір айдан кейін 1000 калорияға дейін жеткізген жөн.
• Бұл ретте тағамды езілген күйде, асықпай, ұзақ шайнап жеу керек.
• Ең бастысы тағам толыққанды, химиялық және термиялық өңдеуден өтуі тиіс.