Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында аритмологтердің халықаралық конференциясы басталды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында аритмологтердің халықаралық конференциясы басталды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында аритмологтердің халықаралық конференциясы басталды ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында аритмологтердің халықаралық конференциясы басталды ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында аритмологтердің халықаралық конференциясы басталды ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында аритмологтердің халықаралық конференциясы басталды ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында аритмологтердің халықаралық конференциясы басталды ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында аритмологтердің халықаралық конференциясы басталды ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында аритмологтердің халықаралық конференциясы басталды ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында аритмологтердің халықаралық конференциясы басталды

Бүгін «Жүрек аритмиясын емдеу және кардиологтерге арналған жүрек электрофизиологиясы» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Шараға Испания, Италия, Польша, Түркия, Ресей және Орталық Азия елдерінен 35-ке тарта шетелдік және 50-ге жуық қазақстандық аритмолог дәрігер қатысуда.

Конференцияның ашылу рәсімінде ҚР Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының (EHRA) 2022-2024 президенті Хосе Мерино және Астана медицина университетінің ректоры Камалжан Надыров сөз сөйледі.

Алексей Цой елімізде осындай конференцияларды өткізу игі дәстүрге айналғанын, сондай-ақ мұндай шаралар еліміздің медицина саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуге жәрдемдесетінін атап өтті. Сонымен қатар Медициналық орталық басшысы, аритмолог дәрігерлердің бекітілген тақырыптарға байланысты жасаған презентациялары мен өткізілген шеберлік сабақтары алдағы уақытта пациенттерді емдеуде жаңаша әрі тиімді тәсілдерге көшуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Екі күндік іс-шара барысында аритмологиядағы скрининг, ерте диагностика, профилактика, аритмияға қарсы препараттармен емдеу мәселелері, заманауи аритмологиялық хирургияны дамыту, аритмологияның аспектілері және басқа да өзекті тақырыптар талқыланатынын атап өткен жөн.