Күзгі тұмау-сырқаудың алдын алу үшін ингаляция жасап тұрғаныңыз жөн. Жалпы экологиясы нашар аймақта тұратын адамдарға ингаляция өте қажет.
Ингаляция – дәрілік заттарды емдік мақсатта дем арқылы жұту, жоғарғы тыныс алу жолдарының, бронхтар мен өкпенің, ауыз қуысының шырышты қабығының жіті және созылмалы ауруларының профилактикасы және емдеу, бронх демікпесі ұстамасының алдын алу және тоқтату.
Ингаляцияны тамақ ішкен соң 1-1,5 сағаттан кейін қабылдаған жөн. Ем қабылдап жатқанда әңгімелесуге, оқуға болмайды. Мұрын мен оның қосалқы аурулары кезінде мұрын арқылы, бронх, өкпе аурулары кезінде ауыз арқылы дем алу керек. Киім денені, яғни кеудені, ішті қыспауы тиіс. Ингаляциядан кейін бір сағат бойы сөйлеспеген, темекі шекпеген, тамақ ішпеген дұрыс.
Көрсетілімдері:
● жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті және созылмалы аурулары;
● бронх пен өкпе аурулары;
● жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпе туберкулезі;
● ауыз қуысының жіті және созылмалы аурулары;
● жіті респираторлық-вирустық аурулар;
● тері мен шырышты қабықтардың зақымдануы, күйіктер, трофикалық жаралар.