Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Астана медициналық университетімен бірлесіп BGI Genomics (...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Астана медициналық университетімен бірлесіп BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен меморандумға қол қойды

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Астана медициналық университетімен бірлесіп BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Астана медициналық университетімен бірлесіп BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Астана медициналық университетімен бірлесіп BGI Genomics (ҚХР) компаниясымен меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы, Астана медицина университеті және BGI Genomics (ҚХР) компаниясы арасында ынтымақтастық және әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған іс-шараға ҚР ПІБ МО ауруханасының директоры Рустам Албаев және Астана медицина университетінің атынан Басқарма төрағасы Камалжан Надыров қатысты.

Қол жеткізілген келісім Қазақстанда ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Астана медицина университеті базасында геномдық зерттеулер институтын құруды көздейді. Геномдық зерттеулер институтының қызметі әлеуметтік маңызы бар аурулардың кең спектрін диагностикалау мен емдеуде геномдық технологияларды әзірлеуге, енгізуге және жетілдіруге, сондай-ақ қазақстандық генетик дәрігерлерді оқытуға бағытталатын болады.

BGI Genomics (ҚХР) компаниясы геномдық зерттеулер институтын құру үшін қажетті жарақтандыруды ұсынады, қажетті кадрларды Қытайда да, Қазақстан Республикасында да өз базасында оқытады.

Өз кезегінде ҚР ПІБ МО ауруханасы осы саладағы зерттеулер үшін дайын алаң ұсынады. ҚР ПІБ МО ауруханасында 2018 жылдан бастап заманауи дербестендірілген геномдық зертхана табысты жұмыс істейді. Жетекшісі м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ штаттан тыс бас генетигі Гүлнар Әбілдинова. Бөлімше заманауи жабдықтармен (секвенатор, амплификатор және т.б.) жабдықталған және тұқым қуалайтын, онкологиялық генетикалық патологияны диагностикалауда қызметтердің кең спектрін ұсынады. Бүгінгі таңда Аурухана базасында 54 жаңа зерттеу түрі жасалған.

Қытаймен ынтымақтастық Қазақстандағы генетикалық зерттеулердің диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, жабдықты тікелей өндірушіден жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар пренатальды скринингтің контингенттік моделін енгізуге, орфандық аурулардың детекциясын жақсартуға және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.