Қазіргі кезде зертханалық диагностиканың маңызы артып келеді, дәрігерлер ауру туралы 75% дейін ақпаратты зертханалық зерттеулерге сүйене отырып біледі. Диагноздың дәлдігі мен тағайындалған емнің дұрыстығы зертханалық қызметтің қалай жүргізілетініне байланысты.
Зертхана пациенттердің қауіпсіздігіне JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес кепілдік береді. Диагностика және емдеу жапон, неміс және оңтүстіккорей жетекші өндірушілерінің жабдықтарында жүргізіледі. Зертхана қызметкерлері алыс және жақын шет елдердің (Израиль, Германия, Ресей) ең мықты клиникаларында оқып, маманданған.
Зертханада мына зерттеулер мен диагностикалық амалдар орындалады:
✓ клиникалық биохимия
✓ иммунология
✓ бактериология
✓ гематология
✓ иммунды химиялық тәсілдер
✓ иммунды ферменттік тәсілдер
✓ молекулярлы-генетикалық тәсілдер
✓ ПТР - диагностика
Call Center: +7 (727) 338 43 10